Тапсырмаларды іске қосуға арналған есептік жазбалар

Сіз тапсырма іске қосылуы тиісті есептік жазбаны белгілей аласыз.

Мысалы, талап ету бойынша сканерлеу тапсырмаларын орындау үшін сканерленетін нысанға қатынасу құқықтары, ал жаңарту тапсырмаларын орындау үшін – авторизацияланған прокси-сервер пайдаланушысы құқықтары қажет. Тапсырманы іске қосу үшін есептік жазбаны белгілеу мүмкіндігі, егер тапсырманы іске қосқан пайдаланушының қажетті қатынасу құқықтары болмаса, талап ету бойынша сканерлеу тапсырмаларын және жаңарту тапсырмаларын орындау кезінде қателерді болдырмауға мүмкіндік береді.

Құрылғыда Желілік агент орнатылмаған немесе қолжетімсіз болса, бағдарламаны қашықтан орнату және жою тапсырмаларында, есептік жазба клиент құрылғыларына орнату (жою) үшін қажетті файлдарды жүктеу мақсатымен қолданылады. Желілік агент орнатылған және қолжетімді болған кезде, есептік жазба, тапсырманың параметрлеріне сәйкес файдарды жеткізу ортақ қатынасу қалтасындағы Microsoft Windows құралдарымен ғана орындалған жағдайда қолданылады. Бұл жағдайда, есептік жазба құрылғыда келесі құқықтарға ие болуы тиіс:

Файлдарды құрылғыларға Желілік агент жеткізсе, есептік жазба қолданылмайды. Файлдарды көшіру және орнату бойынша барлық операцияларды Желілік агент (LocalSystem есептік жазбасы) орындайтын болады.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Желі қорғанысын конфигурациялау

Басына оралу